November 25, 2019

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Нұр-Сұлтанқаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 103 аудитория мекенжайы бойынша 2019 жылғы 11 желтоқсанда сағ. 15:00-де өндірістік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау мен салу және уақытша объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі аукционды өткізеді.

Аукционда сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізбесі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

р/с №

 

Орналасқан жері Ауданы,

га

Нысаналы мақсаты Жалға алу мерзімі Бастапқы бағасы, теңге Бір жыл үшін жалдау төлемі,

теңге

Кепілдік жарна сомасы Қолданыстағы инженерлік желілер
электрмен жабдықтау сумен жабдықтау сарқынды суларды төгу (кәріз) Таратушы жылу желісі (жылумен жабдықтау)
1. Нұр-Сұлтан қаласы, А357

және А358 (жобалық атауы) көшелері қиылысы ауданы

1,2824 Өндірістік база 28 ай 4 992 337 207 903 249 617 жоқ жоқ жоқ жоқ
2. Нұр-Сұлтан қаласы, Сусамыр және С362 (жобалық атауы) көшелері қиылысы ауданы 0,5447 Өндірістік база 30  ай 2 275 212 151 383 120 250 жоқ жоқ жоқ жоқ
3. Нұр-Сұлтан қаласы, С 410 (жобалық атауы) көшесі, Өндіріс көше қиылысы  ауданы 0,2750 Өндірістік база 28 ай 599 486 44 583 126 250 жоқ жоқ жоқ жоқ
4. Нұр-Сұлтан қаласы, С742, С658 және С330(жобалық атауы) көшелері қиылысы ауданы 1,0000 Өндірістік база 33ай 2 572 900 162 120 128 645 жоқ жоқ жоқ жоқ
5. Нұр-Сұлтан қаласы, А98 көше (жобалық атауы) ауданы 0,2378 Паркинг 27 ай 1 179 999 77 104 126 250 бар бар жоқ жоқ
6. Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран даңғылы және Е77 (жобалық атауы) көшелері қиылысы ауданы 0,5189 Қонақ үй – мейрамхана кешені 35 ай 3 645 239 144 213 182 262 бар бар бар жоқ
7. Нұр-Сұлтан қаласы,

А. Байтұрсынұлы және

А 61 (жобалық атауы)

0,7501 Паркингі бар             қонақ үй кешені 35 ай 3 952 163 208 468 197 608 жоқ бар бар жоқ
8. Нұр-Сұлтан қаласы, Қарқаралы тас жолы ауданы 0,0004 Бедер тақта (ақпараттық тақта) 12 ай 748 130 126 250 бар қосылуды талап етпейді
9. Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік және

Б. Момышұлы даңғылдарының қиылысы

0,0004 Бедер тақта

(ақпараттық тақта)

12 ай 909 139 126 250 бар қосылуды талап етпейді

 

Аукционды өткізу талаптары: Аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады.Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамның өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді.

Аукцион ағылшын әдісімен өткізіледі. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылар аукциондық нөмірді көтеруі арқылы бастапқы бағаны өсіреді, бірақ хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы қолайлы болу үшін объект бағасын ағымдағы қадамның жартысынан аспайтын шамаға дейін дөңгелектейді. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушының аукциондық нөмірін хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген аукциондық нөмірлер болмаған кезде, балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.

Жер учаскелерін жалдау құқығын сату талаптары мен тыйымдар (шектеулер) тізбесі: сатып алушы: аукционның нәтижесі туралы хаттамаға оны өткізген күнде қол қоюға, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір күн ішінде «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-мен жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттемелерді орындауға, игеру талаптару туралы шартты жасасуға, нысаналы мақсатына сәйкес жер учаскесін пайдалануға, қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, уақытылы жалдау ақысын төлеуге міндетті.

Сауда-саттықта тіркелген учаскенің аукциондық құны сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап бес банктік күннен кешіктірмеген мерзімде аукционның белгіленген барысында бағадан елу пайыз мөлшерінде аванстық төлем түрінде төленеді. Кепілдік жарнас аванстық төлемді есептейтін есеп шотқа аударылады. Қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде енгізіледі.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының бес пайызын құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Бұл ретте, кепілдік жарна сауда-саттық объектілерінің әрқайсысы бойынша бөлек енгізіледі.

Кепілдік жарна «Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ есеп шотына қолма-қол ақшасыз мынадай деректемелер бойынша аударылады: ЖСК KZ940705023320001001 «ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ,  БСК KKMFKZ2A, БСН 141240027811, КБЕ 12, КНП 171.

Кепілдік жарна сатушымен мынадай жағдайларда қайтарылмайды:

1) қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тарса;

2) аукцион нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса;

3) жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартса;

4) жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартындағы міндеттемелерді орындаудан бас тартса.

Барлық қалған жағдайларда, кепілдік жарналар қатысушының деректемелерін көрсете отырып, кепілдік жарнаны қайтару туралы арыз түскен күннен бастап кемінде бес банктік күн мерзімде қайтарылады.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:

1) мәліметтер түріндегі жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;

2) епілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;

3) өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын құжат.

Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.

Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалардың құжаттары, егер сауда-саттыққа шығарылатын объектілер Жер кодексіне сәйкес осы тұлғалардың жеке меншік құқығында немесе жалдау құқығында болу қарастырылған жағдайда, сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін қабылданады.

Өтінімі тіркелген адам аукцион өткізілетін күні аукциондық нөмірге алмастырылатын қатысушы билетін алады.

Аукционғақатысушылардың өтінімдерінтіркеуақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 106 кабинет мекенжайы бойынша жүргізіледі және 2019 жылдың 10 желтоқсанда сағ. 15:00-де аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

                Аукционға қатысушыларды тіркеу (қатысушының билеті болған кезде) Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 103 аудитория мекенжайы бойынша аукцион басталғанға дейін 2019 жылғы 11 желтоқсанда сағ. 14:30-дан бастап жүргізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 103 аудитория мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ғимаратында 2019 жылғы 6 желтоқсанда сағ. 10.00-ден 12:00-ге дейін аукцион  сұрақтарын түсіндіру бойынша семинар жүргізілетін болады.

Аукционды ұйымдастыру сұрақтары бойынша қосымша ақпаратты +7 (7172) 55-74-95 телефоны бойынша ұсынылады.

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Азаматтарды қабылдау кестесі

Азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасының заңнамасы

Құқықтық және нормативтік база

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы