October 23, 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы

2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында мемлекеттік сатып алуды жүйелік жаңғырту

2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жеткізді.

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында, Мемлекет басшысы қазіргі біздің қоғамның ең маңызды және едәуір ауыр жақтарын атап өтті.

Жолдауда Мемлекет басшысы өзінің сайлау алды платформасында атап өткен бастама мен ұсыныстардың көрініс тапты. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің барлы салалары қозғалды: сот және құқық қорғау, медицина және білім, әлеуметтік қорғау және мәдениет, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуын жүйелік жаңғырту қажеттілігі туралы айтты. Бұл сала, оның ойынша үлкен резервке ие болуы мүмкін, ол өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге апаруы мүмкін.

Аталған мәселені шешу үшін, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден шарт жасасу мүмкіндігі алынып тасталды, қазір тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды қайта өткізуге міндетті. Нәтижесінде, осы жылдың басынан бастап өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден мемлекеттік сатып алу үлесінде күрт төмендеуі байқалады, қорытындысы үнемдеуге әкелді.

Бұдан басқа, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір көзден шарттарды жасасу үшін 5 негіз алынып тасталды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жаңа түзетулерде интернет-дүкен арқылы сатып алудың жаңа бәскелестік тәсілін енгізу ұсынылады, ол арқылы шағын тауарларды тез және ыңғайлы сатып алуға болады. Сондай-ақ сатып алу ресімін жеделдету мақсатында, сатып алудың жаңа тәсілі – шекті келісімді пайдаланумен конкурсты енгізу жоспарлануда, бұл 45 күннің орнына орташа алғанда 3-5 күнге дейін сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Шекті келісімнің артықшылығы сатып алуды ұйымдастыруға әкімшілік шығындар мен сатып алу ресіміне жұмсалатын уақытты үнемдеу болып табылады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін теріс пайдалануды төмендету мақсатында, мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс өтілінің «Электронды депозитариясы» жаңа функционал іске қосылатын болады, себебі мемлекеттік сатып алудың 80% құрылыс пен қызмет көрсетуді құрайды, онда жеңімпазды анықтаудың негізгі критериялары жұмыс өткілі ретінде атқарады. Аталған функционал жұмыс өтілін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді. «Электронды депозитарияны» енгізу шартты жеңілдіктерді ашық есептейді және теріс мәліметтерді ұсыну проблемасын шешуге көмектеседі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі орталықтандырылғанмемлекеттік сатып алудың жаңа үлгісін әзірлеуде.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 732 қаулысымен «Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу»пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді.

«Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ қызметкерлері көрсетілген пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында белсенді қатысуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы болашақта Қазақстанды дамытуда үлкен рөлі бар,  сондай-ақ мемлекеттік кезекті дамыту кезеңінде өте маңызды болып табылады.

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Азаматтарды қабылдау кестесі

Азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасының заңнамасы

Құқықтық және нормативтік база

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы