Антикоррупционный стандарт

«Астана қаласының

Активтер және мемлекеттік

сатып алу басқармасы» ММ

2018 жылғы « ___» ____________

№_______бұйрығына қосымша

 

 

«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл стандарты

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты (бұдан әрі − Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігімен бекітілген қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласындағы (бұдан әрі – қоғамдық қарым-қатынастар саласы) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді:

1) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару;

2) коммуналдық мүлікті басқару;

3) мемлекеттік сатып алу.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандартын әзірлеуші «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесінің қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласын құру үшін бағытталған.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандартын әзірлеу міндеттері:

1) қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық көріністерін  уақтылы анықтау және олардың теріс салдарының алдын алу болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін сақтау, оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

5) мүдделер қақтығысына жол бермеу;

6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты бекітілген ережелердің мүлтіксіз сақталуына және алдын-алуына бағытталған қоғамдық қатынастартың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың іс-әрекеттері мен шешімдерін анықтайды.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандартының негізінде лауазымдық міндеттерді:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты қозғайтын салада  жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау;

3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

4)  тыныс-тіршіліктің  тиісті саласына  ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық маңызы бар қатынастарды орындау кезінде сыбайлас жемқорлық тұрғысынан жол бермеу.

 

  1. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған

саласында жұмыс істейтін тұлғалардың тәртібінің (әрекеті) қағидасы

 

2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандартында қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге құрметпен қарауға;

2)  адал, әділ, қарапайым болуға, жеке тұлғалардың, заңды тұлғалар өкілдерінің және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы жұрт қабылдаған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;

3) қабылданатын шешімдердің  заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың мөлдірлігін қамтамасыз етуге;

5)  өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырамау үшін  себептерге жол бермеу,  сын үшін қудалауға жол бермеуге емес, өзінің қызметін жақсарту және кемшіліктерді жою  үшін сындарлы сынды пайдалануға;

6)  Жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметіне ықпал ету үшін қызметтік мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың жағдайын пайдаланбауға;

7)  шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер таратпауға;

8) заңда белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе  қылмыстық жауапкершілік қарастырылған теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасалуына жол бермеуге;

9)  Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және басқа да кәсіпкерлік субъектілердің  қызметіне заңсыз араласуға жол бермеуге міндетті.

2.2.Өз құзыреті шегінде басқарушылық және басқа да шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

1) тікелей немесе тікелей басшыға мүдделер қақтығысының туындағаны, қызметтік міндеттерді атқару кезінде жеке қызығушылығы, сыбайлас жемқорлыққа бейімдігі және сыйлықтар алу  туралы баяндау;

2) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке және пайдакүнемдік мүдделерін басшылыққа алмау;

3) әріптестері мен басшыларына олар әділ қызметтік шешім қабылдауға әсер етуі мүмкін өзара қарым-қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштер жасаудан аулақ болу;

4) сыбайлас жемқорлыққа жол берген басқа тұлғаларды ынталандырмау;

5) әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды адамдарға сыйлықтар жасамау, қызметті алу үшін лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктерді алу үшін  қызметтік емес қызметті көрсетпеу;

6) лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдамауға;

7) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға;

8) жақын туыстық қатынаста (ата-анасы, жұбайы, ағалары, әпкелері, балалары) тұрған тұлғалармен байланыста болса оларды лауазымды орынға тағайындамау;

9) жемқорлыққа қарсы белсенділік таныту;

10)  белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы дереу басшылыққа баяндау;

11) атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәндануы  туралы тікелей басшысына жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті;

12) егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына  қатыстырылып отырса жоғары тұрған басшылыққа хабарласу;

13)  әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтау және қолдауды талап етуге;

14) тұрақты негізде туындаған мүдделер қарама-қайшылығын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын және олардың салдарларын жою бойынша себептері мен шарттарын жою бойынша шаралар қабылдау;

15) табыс табумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті алуға жәрдем көрсетуден аулақ болу;

16) үшінші тұлғалардың атынан олардың мүдделерін қолдаудан  аулақ болу.

2.3. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымдық тұлғаларына ұсынылады:

1) тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

2) мемлекеттік қызметтерді алуға арналған өтініштерді қарау кезінде төрешілдік фактілерге жол бермеу;

3) мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш берушілермен қызметтік емес қарым-қатынасты жасамау;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет кезінде  басшылыққа баяндау;

5) мемлекеттік қызметтерді алуға  өтініш берушімен тікелей байланыс азайту;

6) мемлекеттік қызметті көрсету үшін бекітілген тізбеде талап етілмеген қосымша құжаттарды талап етпеу және сұратпау;

7) қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етпеу;

8) ақпараттық жүйеге (олар болған жағдайда) мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы өтініштерді  қарастыруға қабылданғаны туралы мәліметтерді уақтылы енгізу.

2.4. Коммуналдық мүлікті мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру, сенімгерлік басқаруға беру кезінде «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына ұсынылады:

1) ақпараттық жүйеге мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға жататын объектілер туралы мәліметтерді уақытылы енгізу;

2) коммуналдық мүлік объектілерін сенімгерлік басқарушылар, жалға алушылармен қызметтік емес қарым-қатынас жасамау;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасау әрекетін байқаған кезде басшылыққа баяндау;

4) коммуналдық мүлік объектілерін сенімгерлік басқарушылармен, әлеуетті жалға алушылармен  тікелей байланысты азайту;

5) коммуналдық мүлік объектісін  мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға ұсыну үшін  бекітілген тізбеге  кірмейтін қосымша құжаттарды талап етпеу және сұратпау;

6) әлеуетті жалға алушылар және сенімгерлік басқарушы арасында адал бәсекелестік;

7) коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру процесінің ашықтығы және айқындығы.

2.5. Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру рәсімін жүргізу кезінде «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына ұсынылады:

1) ақпараттық жүйеге жекешелендіруге жататын объектілер туралы мәліметтерді уақытылы енгізу;

2) сауда-саттық қатысушыларымен, сатып алушылармен қызметтік емес қарым-қатынас жасамау;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға әрекетті байқаған кезде басшылыққа баяндау;

4) сауда-саттыққа қатысушылармен  тікелей байланысты азайтуға;

5) сауда-саттыққа қатысу үшін  бекітілген тізбеге  кірмейтін қосымша құжаттарды талап етпеу және сұратпау;

6) сауда-саттық қатысушылары арасында адал бәсекелестік;

7) коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру рәсімінде ашықтық және айқындық.

2.6. Жер учаскелерінің жалға алу құқығын сату бойынша аукцион өткізу кезінде «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына ұсынылады:

1) Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында сондай-ақ баспа басылымдарында жер учаскесін жалдау құқығын сату туралы аукциондар өткізу бойынша ақпараттық хабарламаларды уақтылы орналастыру;

2) аукцион қатысушыларымен қызметтік емес қарым-қатынас жасамау;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға әрекетті байқаған кезде басшылыққа баяндау;

4) аукционға қатысушылармен  тікелей байланысты азайтуға;

5) аукционға қатысу үшін  бекітілген тізбеге  кірмейтін қосымша құжаттарды талап етпеу және сұратпау;

6) аукцион қатысушылары арасында адал бәсекелестік;

7) аукцион өткізу рәсімінде ашықтық және айқындық.

2.7. Коммуналдық меншікке мүлікті қабылдау, коммуналдық мүлікті есептен шығаруға келісім беру кезінде «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына ұсынылады:

1) коммуналдық мүлікті есептен шығаруға келісім, коммуналдық меншікке мүлікті қабылдау бойынша құжаттарды қарау кезінде төрешілдік фактісін болдырмау;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға әрекетті байқаған кезде басшылыққа баяндау;

3) коммуналдық мүлікті есептен шығаруға келісім, коммуналдық меншікке мүлікті қабылдау үшін бекітілген тізбеге  кірмейтін қосымша құжаттарды талап етпеу және сұратпау.

2.8. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алумен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына ұсынылады:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) әлеуетті өнім берушілерге  Заңда көзделген жағдайлардан басқа мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер ұсыну;

3) әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік;

4) әлеуетті өнім берушілер арасында ашықтық және айқындық.

5) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға қайшы келмейтіндей отандық өндірушілерге сондай-ақ жұмыстар мен қызметтерді өндіретін отандық өнім берушілерге қолдау көрсету;

6) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

7) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының және (немесе) өнім беруші не тапсырыс берушіні таңдау туралы шешім қабылдауға шешім қабылдау құқығы бар осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттарының қатысуына жол бермеу;

8) орындалмаған міндеттемелері бар атқару құжаттары бойынша Борышкерлердің Бірыңғай тізіліміне енгізілген  әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің қатысуына жол бермеу.

2.9. Қызметкерлерді/жұмысшыларды іріктеу мен орналастыруды ұйымдастыру  кезінде «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына және лауазымды тұлғаларына ұсынылады:

1) лауазымды тұлғаларды  жоғары лауазымға тағайындау кезінде олардың  кадр резервінде бар екенін ескеру;

2) меритократия қағидатын басшылыққа алу;

3) тағайындауға  материалдарды қараудың  белгіленген мерзімін сақтауға және бақылауға;

4) «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қызметке/жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға салынатын негізгі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;

5) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

6) мемлекеттік қызметшілер туралы дербес деректерді негізсіз беруге жол бермеу;

7) «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қызметке/жұмысқа қабылданатын үміткерлерден еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;

8) «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларына қатысты  объективті және жан-жақты қызметтік тексерулер жүргізу.

2.10. Құқықтық актілер жобаларын дайындау кезінде:

1) құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және талқылауға бұқаралық ақпарат құралдарының, жұртшылықтың міндетті түрде қатысуы;

2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын құқықтық актілерді әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы міндетті;

3) әзірленген құқықтық актілердің жобалары  мүдделі мемлекеттік органдарға келісу үшін жіберілгенге дейін көпшіліктің талқылауы үшін орналастыру;

4) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын құқықтық актілердің жобалары міндетті түрде, оларды сарапшылық кеңестің отырысында қарағанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда жариялануға (таратылуға) тиіс;

5) құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторларды және олардың белгілерін қамтитын нормаларды пайдалануға болмайды.

2.11. Тіршілік әрекеті саласындағы ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық маңызы бар қатынастар:

1) туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша кадрларды іріктеу мен орналастыруға жол бермеу, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

2) бағынышты лауазымды тұлғалардың  міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін анықтау;

3) қарамағындағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесін  тең бөлмеуге жол бермеу;

4) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау кезінде кішіпейілділік, әділеттілік және әділдік таныту, сондай-ақ көтермелеу және жаза шараларын қолдану;

5) олардың лауазымдық міндеттерінің шегінен тыс, сондай-ақ заңдарға қайшы келетін немесе анық орындай алмайтын тапсырмалар бермеу;

6) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде бағыныштының  қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қарамағындағы адамдарды мәжбүрлеу;

8) бағынысты және басқа да лауазымды тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық заңнамасының нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және жолын кесу;

9) әріптестерде өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында пайда болған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша дер кезінде түбегейлі шаралар қолдану

10) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жеткілікті шаралар қабылдау;

11) сыбайлас жемқорлық, соның ішінде бағынысты қызметкерлерімен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою;

12) ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға жоғары тұрған немесе төмен тұрған және онымен байланысты өзге де қызмет немесе лауазымды тұлғаның қатыспауы;

13) бағыныстыларды қызметтік емес немесе жеке тапсырмалар орындауға тартуға жол бермеу.

 

_________________________

 

 

 

 

 

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Азаматтарды қабылдау кестесі

Азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасының заңнамасы

Құқықтық және нормативтік база

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы