December 24, 2020

Коммуналдық мүлікті жалға алушыларға

Қазақстан Республикасының Президенті Қ .К. Тоқаевтың 2020 жылғы 23 наурыздағы және 1 қыркүйектегі тапсырмаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 75 бұйрығына сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілері үшін 2020 жылғы 20 наурыз бен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде республикалық және коммуналдық меншікті жалға алушыларға жылжымайтын мүлік объектілерін мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген тапсырманы орындау мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген коммуналдық меншік объектілеріне 2020 жылғы 20 наурыздан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалдау ақысын есептеуді тоқтата тұру бойынша тиісті шешім қабылдады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы мүліктік жалдау шарттары бойынша жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұру құқығын іске асыру үшін,«www.gosreestr.kz»порталдың жеке кабинетін ашуды және «жалдау төлемін тоқтата тұруға өтінім жасау» сервисінің қызметін пайдалануды сұраймыз.

 

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Азаматтарды қабылдау кестесі

Азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасының заңнамасы

Құқықтық және нормативтік база

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы