October 27, 2020

Нұр-Сұлтан қаласының орта білім беру ұйымдарында оқитын оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін таңдау бойынша конкурстарды жүргізуді жетілдіру мен цифрландыру

Нұр-Сұлтан қаласының орта білім беру ұйымдарында оқитын оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін таңдау бойынша конкурстарды жүргізуді жетілдіру мен цифрландыру

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидасымен (бұдан әрі – Қағида) белгіленді.

Қағиданың жетілмегені орталықтандырылған сатып алу мүмкіндігінің жоқтығынан, қызметтерді өнім берушілерін таңдау тұжырымдамасының тиімсіздігінен, сондай-ақ оларды түсінудің анық еместігінен көрінеді.

Осыған байланысты, «Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Басқарма) орталықтандыру мүмкіндігі бөлігінде Қағидаға өзгеріс енгізуге бастамашыл болды. Осы бастама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен қолдау тапты.

Басқармамен Қағидаға енгізілген ұсыныстар, атап айтқанда мемлекеттік сатып алуға қабылданатын қаржылық тұрақтылықпен ұқсас төленген салықтар мен еңбек ақы қорының санына қатысты біліктілік талаптарының жаңа түрін, растайтын құжаттардың толық тізбесін белгілей отырып, өнім берушіні таңдау критерийлерін қысқарту бөлігінде мемлекеттік органдармен қолдау тапты және Қағида жобасына қосылды, әзірлеуге Басқарма қызметкерлері жұмыс тобының қатысушылары ретінде тартылды.

Қазіргі күні, «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы                  31 қазандағы № 598 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 235 бұйрығымен Қағида жаңа редакцияда жазылды.

Бұдан басқа, конкурстарды өткізу конкурстық өтінімдерді қағаз жеткізгіште ұсынумен, жеке жағдайларда әр парағы бес мыңға дейін жетумен, сондай-ақ цифландырудың толық болмауымен және өтінім тізімдерін қолмен жүргізу қажеттілігімен қиындатылды.

Конкурстық ресімдерді жүргізуде анықталған проблемаларды ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Қаржы және Білім министрліктерімен бірлесіп, қолданыстағы мемлекеттік сатып алу веб-порталы платформасында конкурстық ресімдерді цифрландыруға бастамашыл болды.

Қазіргі күні, конкурстарды өткізу цифрландырылды және электронды форматқа ауыстырылды. Тәрбиеленетін және оқитын оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурс Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы (www.goszakup.gov.kz) платформасында электрондық түрде жүргізіледі.

Орталықтандырудан және цифрландырудан оң нәтиже көрсетілетін қызметтердің өнім берушілер ортасын, оның ішінде мемлекеттің басқа аймақтарынан кеңейту болды. Бұл ретте, бәсекелестікті арттыру ұсынылатын қызметтер сапасына оң әсерін тигізді.

 

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Азаматтарды қабылдау кестесі

Азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасының заңнамасы

Құқықтық және нормативтік база

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы