2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік аппарат және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту қажеттілігі туралы атап өтті.
Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен ағымдағы жылдың 3 қыркүйегі Нұр-Сұлтан қаласының квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру жөніндегі комиссия құрылды.
2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елорданың квазисекторы өзіне 347 заңды тұлғаны қосады, оның ішінде: 149 мемлекеттік мекеме (ММ), 123 жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (МКҚК), 52 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (МКК), 5 акционерлік қоғам (АҚ), 18 жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС).
Ағымдағы жылы, 10 заңды тұлға мәдениет, энергетика, инвестиция, сәулет-қала құрылысы саласында біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылды.
Елорданың коммуналдық заңды тұлғаларын бәсекелестік ортаға беру мақсатында, «Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін, бәсекелестік ортаға 14 заңды тұлға берілді, 7 заңды тұлға қайта ұйымдастырылды, 6 заңды тұлға таратылды, сондай-ақ 1 заңды тұлға кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің коммуналдық заңды тұлғаларын оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Басқарма басшысына сұрақ қою
Азаматтарды қабылдау
Құқықтық және нормативтік база
September 30, 2020